"Өз көйлегімді бердім". Жазира Байырбекова тойда болған қызық оқиға туралы айтты

"Өз көйлегімді бердім". Жазира Байырбекова тойда болған қызық оқиға туралы айтты
Фото: zhazira_bairbekova

Белгілі әнші Жазира Байырбекова Instagram-парақшасында қыздар қауымының тойдағы киім үлгісі туралы айтып, қызық оқиғаларды есіне алды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Әншінің сөзінше, қазір көпшілігі қарапайым киінгенді жақсы көреді.

"Қыз ұзатуға шақырғандар әдемі киініп келгенімді қалайды. Ал мен ұзатылатын қыздан менің киімім жарқырап кетсе, ыңғайсызданып кетемін. Осыған дейін чемоданыма ерінбей 2 киім салып жүріп, тым қарапайым киінген қызға өз көйлегімді кигізіп жүрдім. Менің байқағаным көп оқитын, ізденетін, жұмысбасты қыздар, шет елдерде оқитындар көбіне қарапайым киінеді. Көп оқитындар киіммен емес біліммен жарысады-ау", - дейді әнші.

Ол бір тойда болған қызық оқиғаны есіне алды.

"Бір күні жарқыратып қазақша киініп, ұзатылатын қыздың бөлмесіне барып "неге киінбей отырсыз" дедім. Ол "мен дайынмын, міне, осы көйлегім" деді. Тізеден келетін қарапайым ақ көйлек. Ешқандай әшекей тастарсыз. "Ойбай, тұра тұрыңыз" дедім де, жолға киіп шыққан қарапайым ақ көйлегімді киіп, қызды ортаға алып шықтым.

Кейінгі уақытта киімде тұрған ештеңе жоқ. "Бастысы, бақытты болсын" деп жеңіл қарайтын болдым. Өзім бірақ әдемі киінгенді жақсы көремін", - дейді Жазира Байырбекова.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жазира Байрбекова (@zhazira_bairbekova)

Айта кетейік, жақында Желіде әншінің тойдан кейін жылап қалған видеосы тараған еді.

"Менің көңілімнің бостығынан өзімнен бұрын Жанболат ұялып кетеді", - деген еді әнші сол кезде.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жазира Байрбекова (@zhazira_bairbekova)

Ж. Қадыржанова