Америкалық турист селфи жасаймын деп жанартауға құлап кетті

Америкалық турист селфи жасаймын деп жанартауға құлап кетті
Фото: italy4me.ru

Америкалық турист Везувий жанартауына құлап, зардап шекті, - деп хабарлайды Mirror.

23 жастағы америкалық отбасымен бірге Неапольде демалған. Олар аймақтың басты көрікті жері - Везувий жанартауына барғысы келген. Америкалықтар танымал әрі қауіпсіз саяхат жолын іздеудің орнына, тыйым салынған, өте қауіпті бағытты таңдаған.

Жігіт жанартауда селфи жасамақ болған, сөйтіп, телефоны шұңқырға түсіп кеткен. Оны алуға тырысқан кезде ізінше өзі де құлаған. Құтқарушылар туристі құтқарып қалған. Ол айтарлықтай зардап шекпегені хабарланды.

Везувий тауы - Италиядағы ең белсенді жанартаулардың бірі. Сарапшылар оны әлемдегі ең қауіпті жанартаулардың бірі деп санайды.

Ж. Қадыржанова