Дәрігер тұтынуға қауіпті балық түрлерін атады

Дәрігер тұтынуға қауіпті балық түрлерін атады
Фото: pixabay

Қартаюға қарсы интегративті медицина саласының маманы Ованнес Давидян кептірілген, тұздалған, ысталған балықтар ағзаға зиян дейді, - деп хабарлайды "Gazeta" басылымы.

Сарапшының пікірінше, мұндай балықтарда паразиттер көп болуы мүмкін.

"Жеңіл тағам түріне жататын кептірілген, тұздалған балық ешқандай пайда әкелмейді. Керісінше, тұзы көп болғандықтан паразиттердің мекеніне айналып, түрлі ауру тудыруы мүмкін", - деп ескертті дәрігер.

Ол ер адамдарға ұнайтын ысталған балықтың да зиян екенін айтады.

"Суық ысталған кезде балықтағы паразиттер және басқа да организмдер өздерінің өміршеңдігін сақтайды. Ал мұндай өнім ағзаға зиян", - деді дәрігер.

Дәрігер сертификатсыз сатылатын ысталған өнімдер де ерекше қауіп төндіретінін ескертті.

"Ыстық ыстау кезінде паразиттер жойылғанымен, жану процесінде түтінмен бірге көптеген химиялық қосылыстар түзіліп балыққа енеді. Бұдан кейін пайдалы өнім қажетсіз өнімге айналады. Мұндай балықты мүлде жемеген дұрыс", - деп қорытындылады Давидян.

Г. Досымшалова