Моңғолиядағы қазақ палуаны мемлекеттік "піл" атағын жеңіп алды

Моңғолиядағы қазақ палуаны Серік Бердімұратұлы Моңғолияның Ұлттық мерекесіне арналған күрес сайысында мемлекеттік "піл" атағын жеңіп алды, - деп хабарлайды Мassaget.kz. Бұл туралы Нұрбол Ханағат facebook-те жазды.

"Жалпы, балуандар алдымен аудандық деңгейде күресіп аудандық "піл" дәрежесін алады. Содан кейін аймақтық жарысқа шығады. Онда 5 палуанды жықса аймақтық "лашын" атанады. Сол сияқты мемлекеттік тойда 5 палуанды жықса мемлекеттік "лашын", 6 палуанды жықса мемлекеттік "қаршыға", 7 палуанды жықса мемлекеттік "піл", 8 палуаннан басым түссе мемлекеттік "қарқара" (жыртқыш құс), 9-ын жықса мемлекеттік "арыстан", 10-ын жықса мемлекеттік "чемпион" болады", - деп жазды Нұрбол Ханағат.

Серік 7 палуанды жығып мемлекеттік "піл" атанған.

Серік Бердімұратұлы 1994 жылы туған. Салмағы 110 келі. 

Айта кетейік, Моңғолияның Ұлттық мерекесі Ғұн империясының 2230, 2231 жылдығы, Моңғол империясы орнауының 815, 816 жылдығы, Ұлт-азаттық қозғалысының 110, 111 жылдығы және Халық революциясының 99 жылдығына орай ұйымдастырылды.