13 шілдеге арналған ауа райы болжамы

13 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет синоптиктері 13 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.

Республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, сондай-ақ жел күшейіп, елдің оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғып, батысында бұршақ жауады деп болжанып отыр.

Ал Қазақстанның оңтүстігі, солтүстік-батысы және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Түркістан, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі.

Сонымен қатар Маңғыстау облысында, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде де қатты ыстық болады деген болжам бар.

Г. Досымшалова