Тоқаев банк қызметі мәселелері туралы заңға қол қойды

Тоқаев банк қызметі мәселелері туралы заңға қол қойды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бағалы қағаздар нарығын реттеу және банк қызметі мәселелері бойынша заңға қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту, банк қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Заң сақтандыру және бағалы қағаздар нарығын, сондай-ақ, банк қызметі саласын реттейтін заңнамалық базаны одан әрі жетілдіруді көздейді. Заң жобасында жаңа өнімдерді енгізу, жекелеген талаптарды оңтайландыру және қызметті цифрландыру, тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау сапасын одан әрі арттыру үшін қосымша тетіктер көзделген.

Ж. Қадыржанова