Доллар бағамы күрт өсті

Доллар бағамы күрт өсті, - деп хабарлайды Massaget.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 8,12 теңгеге өсіп, 473,38 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 12 шілдедегі ресми бағамы 464,85 теңге болған еді.

Kurs.kz деректері бойынша қазір Алматының ақша айырбастау орындарында доллардың орташа бағамы - 471,68 теңге, сатылымда - 476,35 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 470,68 теңгеден сатып алып, 474,25 теңгеден сатып жатыр.