Сарыағашта жігіті сүйіктісінің телефонын тартып алып, сатып жіберген

Сарыағашта жігіті сүйіктісінің телефонын тартып алып, сатып жіберген
Фото: elements.envato.com

Сарыағашта жігіті сүйіктісінің телефонын тартып алып, сатып жіберген, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Қыздың айтуынша, өзінің танысы Iphone 12 Pro Max телефонын тартып алып, кетіп қалған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі - 400 мың теңге.

Бұл жайтты полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабы (Өзінше билік ету) бойынша тіркеген. Артынша, тәртіп сақшылары күдіктіні тауып, полиция бөліміне жеткізген.

Жігіт жәбірленушінің сүйіктісі болып шыққан. Ол екеуінің арасындағы түсініспеушілік салдарынан қыздың телефонын алып кеткен. Сөйтіп, жігіт телефонды сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазір күдіктіге қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ж. Қадыржанова