Туған анасын өлтірді деген күдікке ілінген оқушының соты басталды

Туған анасын өлтірді деген күдікке ілінген оқушының соты басталды
Фото: elements.envato.com

Ақтөбеде 16 жастағы мектеп оқушысы сот алдында жауап бере бастады. Ол өзінің туған анасын өлтірді деген күдікпен қамауға алынған болатын, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, айыпталушылар қатарында жасөспірім қызбен бірге оның 18 жастағы жігіті де бар. Оқиға биыл сәуірде болған еді. 

Тергеу мәліметі бойынша, екі күдікті 40 жастағы әйелді өлтіріп, денесін балконға тығып қойған. Мәйіттен жағымсыз иіс шықпау үшін қыз бен жігіт оған сірке суы мен сода құйып жүрген. Тек төртінші күн өткенде жігіт қылмыс жасағанын ағасына айтқан. Туысы дереу полицияға баруға кеңес беріпті. Жас жігіт кінәні өз мойнына алып отыр. Оның айтуынша, 16 жастағы оқушы да анасының бірнеше жеріне пышақ тыққан көрінеді. Бойжеткеннің ешқандай туысы жоқ, әкесіз өскен.

С. Сатыбалдина