Нұртас Адамбай қызды болды

Нұртас Адамбай қызды болды
Фото: nurtasadambay

Белгілі актер Нұртас Адамбай қызды болды. Ол қуанышты жаңалығын оқырмандарымен Instagram-парақшасында бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Аллаға шүкір! Бүгін осындай сыйлық алдым. Енді қыздың әкесі болу қандай екенін білемін. Құттықтап жатқан баршаңызға рақмет!" - деді ол.

Айта кетейік, Нұртас Адамбай - қазақстандық комедия актері, шоумен, режиссер, продюсер әрі сценарист. Ол "Наша Казаша", "Побег из аула", "Побег из аула - 2", "Побег из аула - 3", "KZландия", "KZландия: Перезагрузка", "Побег из аула: операция махаббат", "Келинка Сабина", "Келинка Сабина-2", "Келинка Сабина-3", "Тараз" секілді фильмдер арқылы қалың көпшілікке танымал.

Ж. Қадыржанова