Премьер-министр зейнет жасын қысқарту туралы сұраққа жауап берді

Премьер-министр Әлихан Смайылов зейнет жасын қысқартуға қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Депутаттар Үкімет басшысына сұрақ қойған. Олар әйелдердің зейнет жасын 58 жасқа қысқартуды сұраған. Премьер бұл ұсыныспен келіспеді. Оның айтуынша, бұл салымдар көлемінің азаюына әкеледі. 

Одан бөлек, премьер өмір сүру ұзақтығының өсуіне байланысты зейнеткерлік жасты арттыру үдерісі Әзербайжан, Армения, Ресей және Беларусь секілді көптеген елде байқалатынын атап өтті.