Тоқаев Рыбакинаны орденмен марапаттады

Тоқаев Рыбакинаны орденмен марапаттады
Фото: ©REUTERS

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен спорттағы аса үздік жетістіктері және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК спортшы-нұсқаушысы Елена Андреевна Рыбакина ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, қазақстандық Елена Рыбакина "Уимблдон" турнирінде  тарихи жеңіске жеткен болатын. Елена Мәскеу тумасы, 2018 жылға дейін Ресей атынан ойнаған. 2018 жылдың маусымында Рыбакина спорттық азаматтығын Қазақстанға ауыстырды.

Д. Шәріпхан