Шымкенттік зейнеткер Тоқаевқа арнап қолғап тоқиды

Шымкенттік зейнеткер Тоқаевқа арнап қолғап тоқиды
Фото: Otyrar.kz

Шымкенттік зейнеткер түрлі заттар тоқып, мегаполистің орталық көшесінде сатады. Бұл туралы Instagram-дағы region__17 парақшасында жарияланған. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевқа да қолғап тоқыған, - деп хабарлайды Otyrar.kz

Басылым мәліметінше, зейнеткер сататын ассортимент шағын, бірақ ашық түстер мен кішкентай өрнектер бірден көзге түседі екен.

"Құр қарап отыра алмаймын, тоқимын. Сөйтіп, қала тұрғындары мен қонақтарына сатуды ұйғардым. Қазір зейнетке шықтым, уақытты босқа өткізгім келмейді. Кейде балаларға да сыйлаймын", - дейді зейнеткер.

Ол ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнап қолғап тоқыған. Зейнеткердің арманы - Президентпен кездесіп, ризашылық ретінде қолғап сыйлау. Ол қысқа дейін Мемлекет басшысына сыйлығы жететініне үміттенеді.

Ж. Қадыржанова