Алматы "қызыл" аймаққа жақындады

2022 жылғы 11 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Матрица бойынша, "қызыл" аймақта өңір жоқ. Алайда "сары" аймақтағы Алматы "қызыл" аймаққа жақын.

"Жасыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары.