Шымкентте сауда орталықтарының бірінде кәмелетке толмаған қыз қаза болды

Шымкентте сауда орталықтарының бірінде кәмелетке толмаған қыз қаза болды
Фото: Әлихан Сариев

Шымкентте сауда орталықтарының бірінде кәмелетке толмаған қыз қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3 шілдеде жедел басқару орталығының "102" арнасына қаладағы ойын-сауық орталықтарының бірінде кәмелетке толмаған қыз қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Тексеріс барысында қыздың сол орталықта жұмыс жасайтыны және электр тоғынан қайтыс болғаны анықталған.

Бұл жайт Қаратау ауданы Полиция басқармасы СДТБТ-ға ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адам өліміне әкеп соғу) бойынша тіркелген. Қазір осы істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ж. Қадыржанова