Ресей мен Украина бейбіт тұрғындардың өліміне жауапты - БҰҰ

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының баяндамасында ресейлік және украиналық әскер бейбіт тұрғындары бар ғимараттардан әскери іс-қимыл жүргізген, - деп хабарлайды DW сайты.

Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғалы бері Associated Press (AP) және PBS деректі бағдарламасы Frontline арқылы жүздеген әскери қылмыстарды анықтаған. Олардың көбі Ресей тарапынан жасалған сияқты болғанымен, кейбіріне Украинаның да қатысы бары айтылады.

Баяндамада БҰҰ қақтығыстың екі жағындағы бейбіт тұрғындардың өлімі үшін жауапкершілік туралы бұрынғы тұжырымдарын растайды.

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының (БҰҰ АҚЖКБ) маусым айының соңындағы баяндамасында, Украинадағы соғыс басталғаннан бері Ресей де, украин әскерлері де халықаралық гуманитарлық құқық талап еткендей, бейбіт тұрғындарды қорғамай, тұрғын үй мен азаматтық нысандардың жанында әскери іс-қимыл жүргізгені айтылған. Оған мысал ретінде Старый Краснянка елді мекеніндегі қарттар үйінің атқылануын алға тартады.

"Төсекке таңылған қарттар мен мүгедектер сусыз және жарықсыз үйде қалған. 11 наурыздағы шабуыл өрті бүкіл ғимаратқа жайылған. Кейбір науқастар мен қызметкерлер аман қалды", - дейді AP.

БҰҰ мәліметі бойынша, 71 науқастың 22-сі аман қалған, бірақ қайтыс болғандардың нақты саны әлі белгісіз.

"Украина билігі кінәні ресейлік әскерге жауып, оларды "аяусыз және себепсіз шабуылдап" 50-ден аса қорғансыз бейбіт тұрғынды өлтірді деп айыптады. Алайда, OHCHR Украина қарулы күштері қарттар үйінің ішінде жауынгерлік позицияны алу үшін ғимаратты қорғанатын нысанаға айналдырды. Сондықтан екі жақ та адам өліміне жауапты", - делінген есепте.

Баяндамада нақты бір тараптың әскери қылмыс жасағаны туралы қорытынды жоқ. Тек Ресей де, Украина да осындай жағдайларға жол бергені көрсетілген.

БҰҰ мәліметінше, Ресейдің Украинаға қарсы соғысында 10 мыңнан аса бейбіт тұрғын зардап шеккен. Қайтыс болған 4889 бейбіт тұрғындардың 335-і - балалар. Бұл ретте ұйым нақты көрсеткіштердің әлдеқайда жоғары болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.