Кейінгі тәулікте 477 қазақстандықтан COVID-19 анықталды

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 477 жағдай тіркелді, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 309 434-ке жетті.

Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 120, Алматы қаласында - 165, Шымкент қаласында - 44, Ақмола облысында - 14, Алматы облысында - 40, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Жамбыл облысында - 17, Батыс Қазақстан облысында - 4, Қарағанды облысында - 34, Қостанай облысында - 7, Қызылорда облысында - 9, Маңғыстау облысында - 5, Павлодар облысында - 5, Солтүстік Қазақстан облысында - 5, Түркістан облысында - 7. 

Қазақстанда 168 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

- Нұр-Сұлтан қаласында - 30,

- Алматы қаласында - 124,

- Алматы облысында - 9,

- Жамбыл облысында - 4, 

- Қарағанды облысында - 1.

Елімізде барлығы 1 293 322 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

10 шілдедегі мәлімет бойынша, 2 510 адам коронавирус инфекциясынан (-2 449+ және 61 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 291 пациент стационарда, 2 219 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 14 адамның жағдайы ауыр.