"Уимблдон" жеңімпазы Елена Рыбакина қанша сыйақы алады?

"Уимблдон" жеңімпазы Елена Рыбакина қанша сыйақы алады?
Фото: Фото: Reuters

Қазақстандық теннисшісі Елена Рыбакина "Уимблдонда" топ жарғаны үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Уимблдон" финалында 23 жастағы Рыбакина әлемнің екінші нөмірлі теннисшісі Онс Жаберді жеңді.

Бұл жеңіс үшін қазақстандық теннисші екі миллион фунт стерлинг (бір миллиард теңгеден көп) сыйақы алды. 

Еске салайық, қазақстандық Елена Рыбакина "Уимблдон" турнирінде  тарихи жеңіске жетті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев теннисшіге хабарласып, жеңісімен құттықтады.

Д. Шәріпхан