Павлодарда балықшы адам сүйектерін тауып алған

Павлодарда балықшы адам сүйектерін тауып алды, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Жантүршігерлік оқиға туралы Vita еріктілер қоры Instagram-дағы парақшасында жазған.

"Еріктілердің бірі Константин Чернояркада балық аулау кезінде жердің шөп шықпай қалған кішкене бөлігін көзі шалған. Бұл жағдай оған күдікті болып көрінген. Жақсылап қараған кезде адамның сүйектерін көрген. Ол әрі қарай қазғанда, жақ сүйегі шыққан. Сүйектер құдды бір бөлшектеп тастаған сияқты шашылып жатқан", - дейді еріктілер. 

Облыстық полиция департаменті өкілі бұл дерек тізімге алынғанын және сот-медициналық сараптама тағайындалғанын айтты.