Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі тағы бір айға ұзарды

Белгілі бизнесмен Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі тағы бір айға ұзарды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"2022 жылғы 8 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.С. Боранбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін тағы бір айға ұзартты", - деді қалалық соттың баспасөз қызметі өкілі.

Бұған дейін қаржы мониторингі агенттігі квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаржы жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді бастаған болатын. Белгілі бизнесмен Қайрат Боранбаев қылмыс жасады деген күдікпен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған еді.