Жазира Байырбекова әйелдерге арнап жазба жариялады

Әнші Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында барша әйелдер қауымына арнап жазба жариялады, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

Әнші жазбасында қыз-келіншектерге күйзеліске түспей, өз денсаулығын үнемі бірінші орынға қоюға, орынсыз айтылған сын-пікірді жүрекке жақын қабылдамауға шақырды. 

"Қымбатты келіншектер! Әрқайсыңыздың жақсы қасиеттеріңіз бар. Егер күйеуіңіз немесе айналаңыздағы адамдар сіздің кемшілігіңізді қайта-қайта айта берсе сеніп, көңіліңізді түсірмеңіз, өзіңізді кіналамаңыз. Адам өзін кіналай берсе, депрессияға түседі, денсаулығынан айырылады. Денсаулық ең бірінші өзіңізге керек. Аман жүріңіздер", - деп жазды ол. 

Желі қолданушылары өнер иесінің сөзіне қосылып, түрлі пікір жазды. 

"Өте дұрыс", "Керемет айтылған сөздер", "Толықтай келісемін. Бірінші өзімізді ойлауымыз керек", "Дұрыс, денсаулық болмаса кімге керекпіз?", "Сізге де денсаулық тілеймін", - деп жазды.