"Қаңтар қасіреті": азаптау дерегі бойынша қанша қылмыстық іс қозғалғаны айтылды

"Қаңтар қасіреті": азаптау дерегі бойынша қанша қылмыстық іс қозғалғаны айтылды
Фото: Reuters

Қаңтар оқиғасына қатысты азаптау дерегі бойынша 360 іс қозғалған. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов алқа отырысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің биылғы бірінші жарты жылдықтағы жұмысына елімізде болып жатқан оқиғалар әсер еткені бәрімізге мәлім. Агенттік тергеушілері қаңтар оқиғасы нәтижесінде құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тарапынан азаптау мен өкілеттіктерін асыра пайдалану деректері бойынша 360 қылмыстық істі қарады", - деді Олжас Бектенов.

Оның айтуынша, бұл былтырғы көрсеткішке қарағанда, екі есе көп.

"Бұл санаттағы істердің саны былтырғымен салыстырғанда, екі есе артық. Қазір 170 іс бойынша тергеу жалғасып жатыр, 167-сі аяқталды. 23 қылмыстық іс әрі қарай тергеу үшін прокуратураға жолданды", - деді ол.

Ж. Қадыржанова