"Бәрі де мүмкін". Мөлдір Әуелбекова тағы тұрмыс құруы туралы айтты

"Бәрі де мүмкін". Мөлдір Әуелбекова тағы тұрмыс құруы туралы айтты
Фото: moldir.auyelbekova

Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова болашақта тағы да тұрмысқа шығуы мүмкін екенін айтып, балаларының әкелерімен араласуына тыйым салмайтынын жеткізді. Ол бұл туралы "1001 ТҮН" бағдарламасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Әншінің сөзінше, алда ғашық болуы, тұрмысқа шығуы мүмкін.

"Жеке өмірімде бәрі жақсы, Аллаға шүкір! Біз өте бақытты отбасымыз. Ұлым, қызым, үшеуміз. Тағы да ғашық болуым, тұрмысқа шығуым мүмкін. Бәрі де мүмкін. Біз алдымызда не күтіп тұрғанын білмейміз. Оны мен жорамалдап, "жоқ" деп болмаса "иә" деп айта алмаймын. Бұйырғанын көреміз. Әркімнің өзінің о бастан жазылған тағдыры бар", - деді әнші.

Сондай-ақ, ол "балаларыңызға әкелерімен араласуына тыйым саласыз ба" деген сұраққа жауап берді.

"Тыйым салмаймын. Ешкімге ешқандай өкпе жоқ. Өмірімде болып жатқан жағдайларды қабылдап үйрендім. Проблемаға айналмауы үшін сен оны қабылдайсың. Әрі қарай өкпе-реніш барлығын қалдырасың..." - деді Мөлдір Әуелбекова.

Ж. Қадыржанова