Құрбан айтта сақталуы тиіс ережелер бекітілді

Құрбан айтта сақталуы тиіс ережелер бекітілді

Құрбан айтта сақталуы тиіс ережелер бекітілді, - деп хабарлайды Qazaqstan телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, Алматы облысында коронавирус таралуына байланысты өңірдің бас санитария дәрігерінің қаулысы жарияланды.

Қаулыда 8-11 шілде аралығында, яғни Құрбан айт кезінде сақталуы тиіс ережелер бекітілген.

Сондай-ақ, малды көлікпен және жекеменшік үй иеліктерінен өткізуге тыйым салынған. Мал сою арнайы рұқсат алған жерде және ветеринариялық анықтама болған жағдайда ғана жасалуы керек.

Qurban2022.kz сайтына өтініш бере отырып, онлайн режимде құрбандық шалуға да болады. Ал ішек инфекциясы мен тамақтан уланудың алдын алу үшін Алматы халқына мешіттер мен мейрамханаларда үйде дайындалған тамақты пайдаланбауға кеңес берілді. Қаулы бүгіннен бастап күшіне енеді. 

Г. Досымшалова