Алматыда ірі қару-жарақ қоймасы табылды

Алматыда ірі қару-жарақ қоймасы табылды

Алматының Медеу ауданында бірнеше тегіс ұңғылы мылтық, жауынгерлік тапанша мен әртүрлі калибрлі патрондар көмілген жерінен табылды, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлерімен бірлескен жедел тексеріс барысында, Сахариев көшесінің маңында жыраға қарай түсерде, ағаштардың арасынан ақ қапшыққа салынған қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды.

Полиция қызметкерлері 12 калибрлі тегіс ұңғылы 2 мылтық, 12 калибрлі тегіс ұңғылы "Макаров" тапаншасы, "Форт 17Т" маркалы травматикалық тапанша, РГД-5 гранаталары, 13 дана 12 калибрлі патрон, 9 миллиметрлік патрон - 15 дана, қуаттандырғышы бар Kirisun" рациясын тәркіледі.

"Барлық тәркіленген зат сараптамаға жіберілді. Бұл дерек Медеу аудандық полиция басқармасында ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Барлық тергеу әрекеті жүргізілген соң арсенал кімдікі және қайдан шыққаны белгілі болады", - делінген хабарламада.

Г. Досымшалова