Қарақалпақстандағы қазақстандықтарға көмек көрсету үшін жедел штаб құрылды

Өзбекстанда төтенше жағдай режимі енгізілуіне байланысты Қарақалпақстаннан шыға алмай қалған Қазақстан азаматтарына көмек көрсету үшін жедел штаб құрылды, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі Өзбекстан Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, қазақстандықтар мына телефон нөмірлеріне хабарласа алады: +9989 61 2248206, +998993858644. Байланыс желісі 7 күн бойы 24 сағат жұмыс істейді. Мына мекенжайда орналасқан штабқа баруға да болады: Нүкіс қаласы, Пушкин көшесі, 22А.

Қарақалпақстандағы төтенше жағдай режимі 3 шілдеде басталды, 2 тамызға дейін жалғасады.

Еске салайық, 2 шілдеде Қарақалпақстандағы көтерілістен кейін ҚР ҰҚК Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы "Дәуіт-ата - Тәжен" өткізу пункті жабылатынын хабарлаған болатын. Бұл шектеулер Қарақалпақстандағы төтенше жағдайға байланысты енгізілген.