8 шілдеге арналған ауа райы болжамы

8 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет синоптиктері 7 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.

Бүгін ауа райы құбылмалы болады.

Циклон әсерінен елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, орталықта, солтүстікте күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел күшейіп, дауыл болады.

Оңтүстікте шаңды дауыл болады, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде нөсер жауын жауады.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Абай облысының батысында, орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Г. Досымшалова