Доллар өсіп жатыр

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, - деп хабарлайды Massaget.kz Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 8,46 теңгеге көтеріліп, 477,24 теңгеге жетті. Айта кетейік, доллардың 6-7 шілдедегі ресми бағамы - 469,26 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы - 474,72 теңге, сату - 480,00 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 472,00 теңгеден сатып алынып, 475,69 теңгеден сатылып жатыр.