Теңіз кен орнында жұмысшы өз-өзіне қол жұмсады

Теңіз кен орнында бір жұмысшы өз-өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды Lada.kz.

"Сенімді Құрылыс" мердігер компаниясының 28 жастағы жұмысшысы 6 шілдеге қараған түні жұмыс орнында асылып қалғаны хабарланған.

Атырау облыстық полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Атырау облысындағы БАҚ мәліметінше, жұмысшының денесін әріптестері тауып, дәрігер шақыртқан. Жедел жәрдем келгенше ер адам қайтыс болыпты. Әріптестерінің айтуынша, жұмысшы ұжымда ешкіммен жанжалдаспаған.

Еске салайық, 6 шілдеде таңертең Атырау облысындағы Теңіз кен орнында жарылыс болып, екі адам қаза тапқан еді.