Неліктен тек көкөністерді жеуге болмайды? Диетолог жауабы

Неліктен тек көкөністерді жеуге болмайды? Диетолог жауабы

Дәрігер-эндокринолог, нутрициолог, диетолог Алексей Калиничев таңғы, түскі және кешкі асқа тек көкөністерді тұтыну семіздік пен қант диабетіне әкеліп соғуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды ura.news.

Ол адам жеңіл көмірсуларды көбіне тоқаштар мен тәттілерден алатынын айтады.

"Қызанақ, қияр және басқа да көкөністер тамақ емес. Өйткені оларда калория жоқ. Яғни олар ағзаға тек қажетті талшықты бере алады. Ал калориясыз өмір сүру мүмкін емес, себебі адамға әрдайым энергия қажет. Көкөністермен тамақтану арқылы аштықты баса тұруға болады. Алайда ағзаға қуат беретін кассикалық түскі асқа күрделі көмірсулар, ақуыз және майлар, шартты түрде өсімдік майы немесе жануар майы секілді құрамдағы тағамдар кіруі шарт. Әйтпесе, семіздік пен қант диабеті ауруын дамытып алуымыз мүмкін", - деп түсіндірді Алексей Калинчев.

Г. Досымшалова