Нұр-Сұлтанда әуе шары адамдармен бірге құлады

Нұр-Сұлтанда әуе шары адамдармен бірге құлады

Нұр-Сұлтан қаласында ауа райының қолайсыздығынан әуе шарын жел ұшырып әкетті, - деп хабарлайды Мassaget.kz қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратты.

Құлаған сәтте шар себетінде ересектермен қатар балалар да болған. Жерге түскен бойда әуе шарын жел алып кетпес үшін бірнеше адам оны ұстап қалуға әрекет еткен.

"Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 112 қызметіне бұл оқиға бойынша ешқандай ақпарат түскен жоқ", - деді департаменттің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қалалық ТЖД 6 шілдеде күн райының қолайсыз болатынын хабарлаған болатын. Осыған орай төтенше жағдайлар қызметі азаматтарды абай болуға шақырады.

Г. Досымшалова