"Тобылдың" Чемпиондар лигасындағы матчы күтпеген нәтижемен аяқталды

"Тобылдың" Чемпиондар лигасындағы матчы күтпеген нәтижемен аяқталды
Фото: "Тобыл" ФК

"Тобыл" Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде венгриялық "Ференцварош" командасын қабылдап, 0:0 есебімен тең түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қостанайдағы "Орталық" стадионда есеп ашылмады. Алаң иелері 90 минуттың ішінде 15 соққы жасап, оның үшеуін дәл бағыттады. Ал қонақтар болса Мокин қақпасын 10 рет нысанаға алып, екі рет дәл соққы жасады.

Енді қарымта ойын 14 шілдеде Будапештте өтеді. Жеңіске жеткен команда "Динамо Батуми" мен "Слован Братислава" клубтарының жеңімпазымен кездеседі.

Е. Төлеш