Алматыда ШААЖ уақытша жабылады

Алматыда ШААЖ уақытша жабылады

Шығыс айналмалы автожолында уақытша көлік қозғалысы тоқтатылады, - деп хабарлайды Massaget.kz Алматы қалалық мобилділік басқармасына сілтеме жасап. 

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 6 шілде сағт 21.00 мен 7 шілде сағат 07.00 аралығында түнгі уақытта Шығыс айналмалы автожолының Жарбұлақ өзенінен Төле би көшесі дейінгі бөлігінің шығыс бетінде көлік қозғалысы уақытша ішінара шектеледі.

Бұл жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған.
Әкімдік келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұрады.

С. Сатыбалдина