Нұр-Сұлтанда ер адам селфи жасаймын деп көпір аркасына шығып алды

Нұр-Сұлтанда ер адам селфи жасаймын деп көпір аркасына шығып алды

Нұр-Сұлтанда 19 жастағы жігіт селфи түсіремін деп көпір аркасына шығып алды, - деп хабарлайды Massaget.kz

Әлеуметтік желіде белгісіз біреу көпір аркасына шыққан видеосы тарады. 

Нұр-Сұлтанның Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 шілдеде сағат 13.25-те 102-ге бірнеше тұрғыннан Қабанбай батыр даңғылындағы көпір аркасына белгісіз біреу шығып алғаны туралы хабар түскен. 

"Оқиға орнына полиция келді. 19 жастағы жігіт полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оның айтуынша, мұндай әрекетке селфи жасау үшін барған", - дейді ПД баспасөз қызметінің басшысы Эльмира Шәуленова. 

С. Сатыбалдина