Қостанайдағы балабақшада болған оқиға видеоға түсіп қалған

Қостанайдағы балабақшада болған оқиға видеоға түсіп қалған
Фото: Видео кадры

Қостанайдағы №61 балабақшада тәрбиеші орындықта отырған үш жасар баланы түзеймін деп құлатып алды. Салдарынан баланың бұғанасы сынған, - деп хабарлайды "ТоболИнфо"

Видеода бала жерге құлап, жылай бастағанын көруге болады. Тәрбиеші жедел жәрдем шақырудың орына оны өзі жұбата бастаған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ИнфоАгентство «ТоболИнфо» (@tobol_info)

Бүгінде зардап шеккен бала емделіп жатыр, ал тәрбиеші еңбек демалысына кетіп қалған. Балабақша басшылығы бұл мәселеге назар аудармаған. 

"Ол жақсы тәрбиеші, басқа ештеңе айта алмаймыз", - дейді директор орынбасары Ботагөз Омар.  

Баланы ата-анасы полицияға арыз жазған. Алайда олар 141-бап бойынша қылмыс құрамын көрмегендерін мәлімдеген. 

С. Сатыбалдина