Ақмола облысында бұршақ жауды

Ақмола облысында бұршақ жауды
Фото: Видеодан алынған кадр

Ақмола облысында бұршақ жауды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

4 шілдеде Атбасар қаласының аумағында бұршақ жауды. Қазгидромет мәліметінше, оның мөлшері 5 миллиметр болған.

Әлеуметтік желілердегі кадрларға қарағанда, жолдарды бұршақ жапқан. Халық жаз ортасындағы бұл құбылысқа таңғалған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ASTANA / НОВОСТИ / АСТАНА (@astanovka98)

Ақмола облысының ТЖД мәліметінше, бұршақ бірден еріп кеткен. Қазір жол учаскесінде жауын-шашын байқалмайды.

"Кеше Покровка ауылының маңындағы Көкшетау-Атбасар тасжолында бұршақ жауды (қар емес). Одан кейін жаңбыр жауды. Бүгін жолдың осы бөлігінде күн ашық, жауын шашын байқалмайды. Бұршақ жауған кезде төтенше жағдайлар тіркелген жоқ", - деді облыстық ТЖД өкілі.

Ж. Қадыржанова