Доллар бағамы тағы көтерілді

Доллар бағамы тағы көтерілді
Фото: elements.envato.com

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайта көтерілді, - деп хабарлайды Massaget.kz Қазақстан қор биржасы (KASE) мәліметіне сілтеме жасап.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,87 теңгеге көтеріліп, 469,26 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 5 шілдедегі бағамы - 464,16 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарындағы доллар бағамы - 464,28 теңге, сатылымда - 471,08 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валютаны орта есеппен 463,45 теңгеден сатып алып, 467,46 теңгеден сатып жатыр.

Ж. Қадыржанова