McDonald's-тың Қазақстандағы жұмысы неліктен тоқтағаны белгілі болды

McDonald's мейрамханалар желісінің баспасөз қызметі Қазақстандағы жұмыстың уақытша тоқтатылуының себебін атады, - деп хабарлайды massaget.kz.

"Қазақстан Республикасының барлық өңіріндегі McDonald's мейрамханалары фискалдық деректер операторында (FDO) техникалық ақау болуына байланысты жабылғанын хабарлаймыз", - делінген компания хабарламасында.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта барлық мейрамханалардың жұмысын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданып жатыр.

"Барлық өңірдегі бөлімшелер біртіндеп ашылып жатыр", - деп қосты мейрамханалар желісі.

Еске салайық, осыған дейін Қазақстанда McDonald's мейрамханалар желісі жұмысын тоқтатқаны туралы жазғанбыз. Желіде танымал фаст-фуд мейрамханалар желісінен тапсырыс беру немесе онда тамақ сатып алу мүмкін емес екені туралы шағымдар жарияланған.