Президент Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президентке Орталық референдум комиссиясы қызметінің қорытындылары, сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясының сайлау жүйесін жетілдіруге қатысты қазіргі атқарып жатқан жұмыстары және Қазақстанның сайлау органдарын кәсіби тұрғыдан күшейту әдістері жөнінде баяндалды.