Шымкентте сүйіктісімен жанжалдасқан қыз 3-қабаттан секірмек болған

Шымкентте сүйіктісімен жанжалдасқан қыз 3-қабаттан секірмек болған
Фото: polisia.kz

Шымкентте жігітімен жанжалдасып қалған қыз қонақүйдің үшінші қабатынан секірмек болды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

3 шілдеде сағат 21:40 шамасында Шымкент ҚПД-нің жедел басқару орталығына қаладағы қонақүйлердің бірінің 3-қабатынан бойжеткен секірейін деп жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Патрульдік полиция полкінің 1-рота 732, 724, 729 автоэкипаж қызметкерлері оқиға орнына жылдам жетіп, 23 жастағы қыздың өміріне араша болған.

Полиция қызметкерлері Қанат Рысбаев пен Оралбек Тәшімбетов өз өмірлерін қатерге тігіп, қызды суицид жасаудан құтқарып қалған.

Қыздың сөз байласқан жігітімен жанжалдасып қалуы оқиғаға себеп болғаны анықталған. Бұл оқиға соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша тіркелген.

Ж. Қадыржанова