"Түкіргенім бар". Канело Головкинмен трилогия алдында мәлімдеме жасады

"Түкіргенім бар". Канело Головкинмен трилогия алдында мәлімдеме жасады
Фото: ©beIN SPORTS

Мексикалық Сауль Канело Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен трилогияда екінші айқастағы тактиканы қолданатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Fightnews.info.

"Головкинмен жекпе-жекті жиі көре бермеймін. Мен барлық айқасымды қайталап көремін, бар болғаны сол. Екінші кездесуде ең жақсы геймжоспар болды. Трилогияда соны қолдану керек. 

Трилогия екінші жекпе-жекке ұқсас өтеді, бірақ, өзімді күштірек сезінемін. Айырмашылық осыда. Головкин мықты, алайда, ол күштірек бола түсті ме, білмеймін. Онымен жұдырықтасу керек, сосын айтамын. Ал жалпы, ол сол күйінде ме, жоқ па, түкіргенім бар. Мен жақсылап дайындаламын. Ол күштірек болып келсе де бәрібір. Қазір ол менің қарсыласым және оны сабағым келеді", - дейді Сауль. 

Е. Төлеш