Павлодар облысында 6,5 миллиард теңгеге жалған шот-фактура жасағандар ұсталды

Павлодар облысында 6,5 миллиард теңгеге жалған шот-фактура жасағандар ұсталды

ҚМА Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметкерлері шот-фактураларды заңсыз жазып беру деректерінің жолын кесті, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі ведомствоға сілтеме жасап.

"Тергеу барысында Вильгельм Легин мен Сергей Рыжаков жалған тұлғаларға ресімделген 13 компания құрғандығы анықталды, содан кейін материалдық пайда табу мақсатында 2019 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде осы компаниялардың атынан бірқатар заңды тұлғаға жалпы сомасы 6,5 миллиард теңгеге жалған шот-фактуралар жазып берілді. Вильгельм Легин мен Сергей Рыжаковтың қылмыстық әрекеттері нәтижесінде мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 2 миллиард теңгеден аса сомаға залал келтірілді", - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, сот екеуін де кінәлі деп танып, Вильгельм Легин мен Сергей Рыжаковты 2 жыл 9 айға бас бостандығынан айырып, Легиннен 13 миллион теңгеден аса ақша тәркілеу туралы үкім шығарды.

Г. Досымшалова