Ғалымдар астманы емдеудің жолын тапты

Ғалымдар астманы емдеудің жолын тапты
Фото: elements.envato.com

Аустралиядағы Эдит Коуэн университетінің ғалымдары астматикалық ауруларды тиімді емдеуге мүмкіндік беретін маңызды жаңалық ашты, - деп хабарлайды Medical Express басылымы.

Ғалымдар астманың түрлерін анықтауға арналған U-BIOPRED зерттеуінің бөлігі ретінде 11 елден келген 600-ден аса астматиктердің зәр үлгілеріне талдау жасады. Зерттеу ауыр астматикалық науқастардың зәрінде, жасушалық энергия өндірісінде және иммундық жауаптарда маңызды рөл атқаратын карнитиндер деп аталатын метаболит бар екенін анықтады.

Бұл зерттеудің нәтижелері мамандарға астманы емдеудің жаңа, тиімді әдісін жасауға көмектеседі.

Г. Досымшалова