Жетісу облысында жолда көкпар тартқандар видеоға түсіп қалған

Жетісу облысында жолда көкпар тартқандар видеоға түсіп қалған
Фото: kris_p_tdk

Әлеуметтік желілерде автомобиль жолында көкпар өткізген шабандоздардың видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Оқиға өткен демалыс күндері болған. Ашулы жүргізушілер видеоны Талдықорған-Текелі тасжолында түсірген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Новости Алматинской области. (@kris_p_tdk)

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі ат жарысын ұйымдастырушылар ұсталғанын мәлімдеді.

"Іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ат жарысын кім ұйымдастырғанын анықтады, көп ұзамай қатысушыларды да тапты. Қазір оларға қатысты ӘҚБтК-нің 614-бабы бойынша хаттамалар толтырылып, профилактикалық әңгіме жүргізілді. Қатысушылар ойынға беріліп, жолға қалай шығып кеткенін байқамай қалғанын айтты. Шабандоздар жол қозғалысына қатысушыларға ешқандай зиян келтірген жоқ", - деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Ж. Қадыржанова