Қала әкімі аллигаторға үйленді

Қала әкімі аллигаторға үйленді
Фото: Видео кадры

Мексиканың Сан-Педро-Уамелула қаласының басшысы Виктор Уго Соса байырғы дәстүр бойынша "Кішкентай ханшайым" атты аллигатордың ұрғашысына үйленді, - деп хабарлайды Daily Mail.

Жануарға шараға орай арнайы ақ көйлек кигізілген. Қауіпсіздік мақсатында аллигатордың жағы байланған. Басылым жариялаған видеода қала басшысы аллигатормен құшақтасып, оны сүйеді.   

"Кішкентай ханшайым" салт бойынша Жер ана ретінде қарастырылады, ал оның жергілікті билік өкіліне тұрмысқа шығуы адамзаттың Құдаймен байланысын білдіреді. Осылайша, қалада молшылық болады. 

"Біз табиғаттан жаңбыр көп жауса, ас пен өзенімізде балық көп болса деп сұрамыз", - дейді қала басшысы. 

Айта кетейік, Сан-Педро-Уамелула басшылары жыл сайын XVIII ғасырдан бері сақталып келе жатқан дәстүр бойынша бауырымен жорғалаушыларға үйленеді. 

С. Сатыбалдина