Швецияда адам етінің дәміне ұқсас веган бургері жасалды

Швецияда адам етінің дәміне ұқсас веган бургері жасалды
Фото: pixabay

Швецияда Oomph фирмасы адам етінің дәміне ұқсас веган бургерін жасады. Бұл жаңалық пен өнім жарнамасы "Канн арыстандары" халықаралық фестивалінде марапатқа ие болды, - деп хабарлайды The Mirror.

Бургер веган өнімдерінен, яғни соя, саңырауқұлақ, бидай ақуызы, өсімдік майы мен "құпия қоспадан" тұрады. Бірақ котлеті адам етінің дәміне ұқсайды екен.

"Oumph осы гамбургерді арнайы жасау арқылы кез келген етке балама саналатын өсімдік негізіндегі өнімдерді шығаруға болатынын дәлелдегісі келді", - деді компания өкілі.

Ж. Қадыржанова