Екі күн бұрын жоғалған: Хургадада акуланың шабуылынан тағы бір әйел қайтыс болған

Екі күн бұрын жоғалған: Хургадада акуланың шабуылынан тағы бір әйел қайтыс болған
Фото: ©Shutterstock

Хургада тұрғыны акуланың шабуылынан тағы бір әйел қайтыс болғанын мәлімдеді. Тұрғынның сөзінше, ол екі күн бұрын қайтыс болған, себебі сол уақытта ол қонақүйден жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Gazeta.

Хургада тұрғыны Жанна жоғалған әйел адам Premiere Le Reve қонақүйінде демалып жатқанын, кейінгі екі күн бойы бөлмесінде болмағанын айтады.  

"Ол коралдан 300 метр жерде табылды", - дейді Жанна. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, екінші адам Румыния азаматшасы болуы мүмкін. Басылымға сұхбат берген тұрғын оқиғадан кейін суға түсуге тыйым салынғанына қарамастан Хургада жағалаулары жабылмағанын айтады. 

"Бірінші адам қаза болғаннан кейін ешқандай жағалау жабылмады. Мен бүгін де, кеше де еркін жүзіп жүрдім. Олар жасырып қалмақ болды, бірақ тағы бір адам қаза болғаны анықталғаннан кейін қозғала бастады. Арнайы мамандардан жұмыс тобы құрылып, акуланың шабуыл жасау себебін анықтамақ болды. Аса бір дүрбелең жоқ, қонақтар жағалауда жүр. Қызыл теңіз губернаторы қалай әрекет ететінін көреміз. Туристерді жоғалтқысы келмейді, бірақ ол үшін ештеңе істеп жүрген жоқ", - дейді тұрғын. 

Тағы бір тұрғынның айтуынша, акуланың шабуыл жасау қаупіне қарамастан, қонақүй тұрғындары жағалауда суға түсіп жүр. 

Ал Румынияның сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, елдің Каирдегі өкілдігі 3 шілдеде турагент Румыния азаматы Хургадада демалып жүрген кезінде қайтыс болғанын хабарлаған. 

С. Сатыбалдина