8 адамның жағдайы ауыр. Кейінгі тәулікте 158 адамнан коронавирус анықталды

Кейінгі тәулікте 158 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Мassaget.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

4 шілдедегі мәлімет бойынша, 1 155 адам коронавирус инфекциясынан (–1 106+ және 49 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 147 науқас стационарда, 1 008 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

8 адамның жағдайы ауыр.

Нұр-Сұлтан қаласында - 35,

Алматы қаласында - 88,

Шымкент қаласында - 6, 

Ақмола облысында - 4,

Алматы облысында - 5,

Атырау облысында - 8,

Шығыс Қазақстан облысында - 1,

Батыс Қазақстан облысында - 1,

Қарағанды облысында - 7,

Қостанай облысында - 1,

Павлодар облысында - 1,

Солтүстік Қазақстан облысында  - 1 адамнан коронавирус анықталды.

Елімізде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 1 307 330-ға жетті.