Мысырда акула шабуылынан тағы бір әйел қаза тапты

Мысырда акула шабуылынан тағы бір әйел қаза тапты
Фото: elements.envato.com

Мысырдың Хургада курорттық қаласында акула тағы бір әйелге шабуыл жасады. Жергілікті билік оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, - деп хабарлайды Мassaget.kz.

Қазіргі уақытта қайғылы оқиға орын алған ауданда жағажайларға кіру уақытша шектелді. Бұл туралы Египеттің Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Facebook-те хабарлады.

Министр Ясмин Фуадтың сөзінше, екі әйел де Сахли Хашиш курорттық аймағында акулалар шабуылынан қаза болған. Ол ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша мамандардан жұмыс тобы құрылғанын атап өтті.

"Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қайғылы жағдайдың мән-жайын зерттеуге маманданған жұмыс тобы акуланың екі әйелге шабуылдауының нақты себептерін анықтау бойынша өз міндеттерін орындауда екенін растайды", - делінген министрлік хабарламасында.

Gazeta мәліметінше, Хургада тұрғыны акуланың екінші құрбаны екі күн бұрын қаза болған болуы мүмкін екенін айтқан. Себебі дәл сол кезде қонақүйлердің бірінде қонақ жоғалып кеткені байқалған.

Тұрғын әйелдің жақын маңдағы Premiere Le Reve қонақүйінде демалып жатқанын және соңғы екі күнде бөлмеде болмағанын айтқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, екінші құрбан Румыния азаматы болуы мүмкін.

Бұл ретте Румынияның Сыртқы істер министрлігі Каирдегі дипломатиялық өкілдікке 3 шілдеде туристік агенттен Хургада курортында демалыс кезінде румыниялық азамат қайтыс болғаны туралы телефон хабарламасы келгені белгілі болды.

"Мысырдың құзырлы органдары таратқан ақпаратқа сәйкес, жүргізілген тексерулер нәтижесінде румын азаматының өліміне акуланың шабуылы себеп болғаны анықталды", - делінген Румыния СІМ сайтында.

Еске салайық, Хургадада екі әйел акула шабуылының құрбаны болды. 1 шілдеде теңіз жыртқышы Австрия азаматына шабуыл жасады. 3 шілдеде екінші зардап шегуші туралы белгілі болды.

Г. Досымшалова