Жүлде - 25 миллион теңге. "Қазақстан Барысы-2022" анықталды

Мақсат Исағабылов "Қазақстан Барысы-2022" чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz

Ақтық сында Қызылорда облысының өкіліне Маңғыстау облысынан келген Нұрдәулет Жарылғапов қарсы шықты. Исағабылов 1 минут және 52 секундта жеңіске жетті. Оның салмағы 120 келі, ал қарсыласы - 148.

Үшінші орынды қарсыласы жарақат алып қалған Ғалымжан Қырықбай иеленді.

Исағабылов турнирдегі жеңісі үшін 25 миллион теңге жүлде алды. Жарылғапов 5,5 миллион, Қырықбай 1,8 миллион алды. Сондай-ақ, чемпионға алтын белбеу және алтын тайтұяқ құймасы табыс етілді.